Азық-түлік бағасы тез өсіп жатқандықтан, Ресейліктер күнкөрістерін көбірек үнемдеуге мәжбүр болып отыр.

Екі бала тәрбиелеп отырған Среднеуральск қаласының тұрғыны Дарья Степанова жұмыссыз. Күйеуінің айлық жалақысы 50 000 рубль. Айлықтары шайлықтарына әрең жетеді.

ДАРЬЯ СТЕПАНОВА  СРЕДНЕУРАЛЬСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бір бала мен екінші бала дүниеге келген аралықты ескерсек, бес жылда бәрі қалай қымбаттап кеткенін көремін: жаялық 2-3 есе, балалар тамағы екі есе қымбат».

Дарья отбасымен мейрамханаларға баруды ұмытуға мәжбүр болғанын айтады.

ДАРЬЯ СТЕПАНОВА СРЕДНЕУРАЛЬСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қазір ондай жағдай жоқ. Мен бәрін үйде пісіремін, өйткені кафеге немесе үйге дайын тамақ жеткізуге жұмсайтын ақшаның бәрін мен азық-түлікке жұмсаймын, ал артық ақша қалмайды».

Бағаның шектен тыс шарықтағанын Петербург мен Мәскеуліктер де сезінген.

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы өскен, әдеттен тыс тауарлардың құны соншалықты байқалмайды».

МӘСКЕУ ТҰРҒЫНЫ: «Бағалар қатты өзгерді, олар айтарлықтай өсті - бір жарым, тіпті екі есе. Бұл тек азық түліктер ғана».

МӘСКЕУ ТҰРҒЫНЫ: «Менде керемет нәрсені сатып алатындай қажеттіліктер жоқ, бірақ мен бағалар көтерілді деп ойлаймын. Егер баға өссе, мен нан мен суға ауысатын шығармын».

Ресми статистикаға сәйкес, 15 миллионнан астам ресейлік кедейлік шегінде өмір сүреді. Кейбір экономистер бұл көрсеткіш 20 миллионға жетуі мүмкін деп есептейді. Ал Ресей Банкінің статистикасы бойынша 40 миллионнан астам ресейліктердің несие алғанын, екі несиесі бар он миллион адамның, ал он бір миллионның үш немесе одан да көп несиесі бар.