Ресейден келетін судың көлемі БҚО сәуірдің 10-ы мен 13-ші күндеріне қарай көтерілуі мүмкін. Сол себепті, Оралдағылар Жайық өзенінің ойпаң тұстарына биік бөгеттер жасауда. 

НҰРТІЛЕУ ШАЙДЫҒАЛИЕВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: «Қаланы су басу қаупі төніп тұр.Ең төменгі нүктелер Курни ауданы, юнатов станциясы»

Курини ауданының осы аумағында үш мыңға жуық халық мекендейді. Халықтың қауіпсіздігі үшін 20 шақты құрылыс компаниясының 200 арнайы техникасы барлық шараларды жасауда. Ал, Жайықтың жағдайы жайлы болмай тұр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше бұндай оқиға соңғы рет 2011 жылы болған. Бойларын үрей билеген қара халық, күнде өзен жағасын бақылаумен отыр.

ТҰРҒЫН: «Қорқынышты. Қатты ағыс мына бөгетті жарып кете ме деген ой да келеді. Бірақ барынша жұмыс жүргізіліп жатыр екен. Оңай болмай тұр. Буынып-түйініп дайын отырмыз».

Осында орналасқан 55 бау-бақша серіктестігінде 10 мың адам өмір сүруде. «Азаматтық қорғаныс туралы» заңға сәйкес сейсенбіден бастап саяжайлардағы жарық пен көгілдір отын ажыратылатындықтан,  әкімдіктегілер тұрғындарға тезірек қауіпсіз жерге көшуге үндеу айтуда.