Елена  Рыбакина WTA 1000 санатындағы Miami Open турнирінің жартылай финалында Беларусь теннисшісі Виктория Азаренканы жеңді. Ойын 2 сағат, 36 минутқа созылды. Бұл екі теннисші арасындағы 4-ші ойын. Барлық матчта Елена Рыбакина басым түскен. Осыған дейін Майами корытындысындағы  ширек финалда Грекиялық Мария Саккариді ұтқан болатын.

Финалда Елена АҚШ теннисші  Даниэль Коллинзбен сынға түседі. Айта кетейік, Майамидегі турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,7 млн доллар құрайды.