Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Сарыбастау ауылының тұрғындары Наурыз мерекесінің алғашқы он күндік жаңару күнін ерекше бастамамен бастады. Ауыл халқы мектеп оқушыларымен бірлесіп, табиғатты аялау мен көгалдандыру мақсатында “Үздік аллея” жобасын қолға алды.Өңірге қарасты аудандарда мереке қандай бастамалармен өрбіп жатыр,келесі тақырыпта.

Бұл бастама ауылдың көркіне көрік қосып қана қоймай, жас ұрпақты табиғатты сүюге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға баулиды. Аллеяға егіліп жатқан ағаш көшеттеріне жауапты оқушылар бекітілді. Сонымен қатар, ауылдық ата-аналар мен  ұстаздар аллеяның тәрбиелік мәнін түсіндіріп, жастарға ағаш отырғызудың сауапты іс екенін тілге тиек етті.

СӘУЛЕ КЕҢЕСҚЫЗЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ,МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

Ауыл тұрғындары бұл игі істің жыл сайынғы дәстүрге айналуын қалайды. “Наурыз – тек мереке ғана емес, жаңару мен жақсылықтың бастауы. Біз табиғатты жаңғырта отырып, рухани тазалыққа да ұмтыламыз,” – деп отыр. 

ТҰРАР БАТЫРБАЕВ  АТА-АНА

Сарыбастаулықтардың бұл бастамасы өзгелерге үлгі боларлық іс. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті екенін ескерсек, бұл жоба ауылдың жасыл желекке бөленіп, экологиялық жағдайының жақсаруына өз үлесін қосатыны сөзсіз.Әз наурызды ерекше көңіл күймен қарсы алып жатқан тұрғындар,бірін-бірі құттықтап, ұлыс оң,ақ мол болсын деп жатты.Сонымен қатар ауылды әуелетіп әнге бөлеп,ұлттық спортымызды дәріптеді.