Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өнер көгінен көрінген талантты актер, Сағи Әшімовтың құрметіне Алматы қаласында ескерткіш тақта ашылды.Бұл өз кезегінде Шоқан бейнесімен-ақ танылып, талайды тамсандырған өнер иесіне құрмет деуге болады. Қысқа ғұмыр кешсе де, артынан өкше басқан жастарға үлгі болған Сағи Асанәліұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлық иегері атанды.Сағиды сағынған жұрты салтанатты шараға жиналып,оның өнері жайында сыр шертті.

АРМАН ҚЫРЫҚБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Театр және кино актеры Сағи Әшімов бірнеше туындыларда басты рөлдерді сомдады. Сондай-ақ ол, қазақтың тұңғыш көпсериялы “Тоғысқан тағыдырлар”  телефильмінде Темір Сабыровтың образын ойнап, көпшілік көрерменнің есінде қалды.Сонымен қатар қарапайым қасиетімен де жұрттың аузынан түспейді.

АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ АКТЕР