Қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы, ел спортын насихаттауға телегей-теңіз еңбек сіңірген, қазіргі Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының алғашқы президенті, 1966 жылы – Лондонға, 1970 жылы Мексикаға барып, футболдан әлем чемпионаты жайлы қалам тартқан алғашқы қазақ Сейдахмет Бердіқұловқа 90-жыл.Бір туар азаматтың құрметіне орай,Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында «Ар-намыстан жаралған қайраткер тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференция орын алды.Шараға қатысып қайтқан түсірілім тобының бейне материалына кезек берсек.

Елімізде спорт журналистикасының негізін қалаған Сейдахмет Бердіқұлов әлемдiк футбол додасын қазақы көзбен, қазақы сөзбен, қазақы жүрекпен жазған ерекше ұлтжанды қаламгер.Оның отты мақалалары оқырманның  санасында қорғасындай ерiп, санаға сілкініс беретін жазудың жампоз шеберi десек артық айтқандық емес.

Талантты қаламгердің қанатты қиялынан әр жылдары туған «Аспаннан шұға жауған күн», «Сиқырлы алқа таққан Москва», «Теңдессіз 16 күн», «Танкімен келген Тарғапбай», «Филармония, Қобызшы қызға», «Менің ұлы бейтанысым», «Ертеңнен салса, кешке озған», «Арбаған мені бір сиқыр», «Новеллалар мен эсселер», «Жүрсің-ау бір қиырда», «Бір тарының қауызы» секілді әңгіме-повестерін қалың оқырман жылы қабылдаған. Сондай-ақ, бірқатар туындылары орыс және басқа тілдерге аударылған.

НҰРЛАН ОРАЗАЛИН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ,АҚЫН

Талайдың азамат болып қалыптасуына сеп болған Сейдахмет Бердіқұлов қылышынан қан тамып тұрған Кеңес үкіметі тұсында ұлттық рухымыз ұйықтап бара жатқан шақта, сілкілеп оятқан санаулы тұлғаның бірі.Қазіргі «Жас Алаш», ол кездегі «Лениншіл жас» газетін 16-жылдай басқара білді.Міне осы тұста қазақы идиологиядан таймай,тіресе күрескен қаламгер.Сейдағаңды ұлықтауға арналған жиында,көптеген естелік әңгімелер айтылып,оның әлі де ашылмай қалған қырларын сөз етті.

МӘЛІК ОТАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

ОЛЖАС УӘЛИ ЖУРНАЛИСТ

Сейдағаң,сөз бостандығы болмаған уақытта өзі басқарып отырған басылымдарда Мұқағали мұраларын дәріптеп, тоқтат деген бұйрықтарға бұрылмай,ұлтының ұлы мұраты үшін еңбек етті.Оның тіпті 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде алғаш болып,сес көрсеткен ерлігін, көз көргендер ұмыта қойған жоқ.

НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫ ЖАЗУШЫ

Сейдахмет Бердіқұловтың 90-жылдығына арналған іс шара барсында қарымды қаламгердің өмірі өрнектелген «Тұйғын  талант» атты кітаптың тұсау кесер рәсімі орын алды.Нар тұлғаға арналған игі бастамалар мұнымен шектелмек емес,алдағы уақыттары  да жалғасын таппақ.