"

Арнаулы бағдарламамен Алматы облысын аралап жүрген Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттары бүгін Райымбек ауданына қарасты ауылдарда болып, жергілікті өндіріс орындарының жұмыстарымен танысты. 

Депутаттар мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыс істеп жатқан «Қарасаз фуд» сүт зауытының күнделікті жұмыс барысымен танысты. Былтыр 680 млн қаражат алып жұмысын бастаған сүт өнімдерін шығаратын өндіріс орнының қуаттылығын арттыру үшін биыл 800 млн қаражатқа өтінім берілген.  

ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Өңірді сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған заводтың жыл сайын өнімділігі артып келеді. Жергілікті тұрғындарды  да жұмыс көзімен қамтып отырған заводтың жұмысына депутаттар ризашылықтарын білдірді. 

ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Сондай ақ халық қалаулылары Қарасаз ауылындағы құрылысы жүріп жатқан өнер мектебінің басына барды.Айтулы нысанның құрылысына бюджеттен 950 миллион теңге бөлінген.Сенатор Жанболат Жөргенбаев нысанның уақытылы мерзімінде пайдалануға берілуін, қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуын сөз етіп,құрылыс жұмыстарында кетіп жатқан кемшіліктерді тез арада түзетуді тапсырды.