Серб археологтары Римдегі арканы қазуды жалғастыруда. Сырын ішіне бүгіп жатқан тарихи жәдігерлер жайлы қазба жұмысын жүргізіп жатқан мамандардың қызықты деректеріне кезек берсек.

Археологиялық жұмыс кезінде табылған тарихи орын біздің заманымыздың 3 ғасырында іргесі қаланған. Бұл Балқандағы бірнеше ұқсас ғимараттардың бірі.

МИОМИР КОРАЧ АРХЕОЛОГ: «Виминациум салтанатты аркамен көмкерілген. Мұндай нысандар, әсіресе Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігінде сирек кездеседі. Римде олардың саны 20-ға жуықa, мүмкін одан да көп.Бірақ бұл аймақтағы алғашқы триумфалдық арка».

Виминаций — Римнің Моезия провинциясының астанасы болған. Өз дәуірінде 45 мың адам өмір сүрген ең ірі қалалардың бірі болды. Виминациумда сарай, храмдар, бекіністер, амфитеатр, ипподром, монша және шеберханалар бой көтерген қалада тіпті су құбыры да болған. Тарихи орын қаланың бас көшесін қазу кезінде табылды.

МЛАДЕН ЙОВИЧИЧ АРХЕОЛОГ: «Біз триумфалдық арканың көбірек бөліктерін табамыз деп үміттенеміз. Біз әдемі жасалған бір бағананы таптық. Бірақ мен жазуы бар фрагменттерді, бағандарды тапқым келеді».

V ғасырдың бірінші жартысында ғұндардың шабуылына ұшырап, қала қатты зардап шекті. Кейінірек оны Византия империясының императоры Юстиниан I қалпына келтіргенімен 6 ғасырда Славяндар қаланы жер бетінен жойды.1882 жылы басталған қазба жұмыстары , әлі күнге дейін жалғасуда. Археологиялық кешен 450 гектар аумақты алып жатыр. Әзірге аумақтың 5 пайызы ғана зерттелген.

ИЛЬЯ ДАНКОВИЧ АРХЕОЛОГ: «Біз қаланың осы ауданында тұратын адамдардың қалауы мен әдеттері туралы білеміз. Оған дәлел шарап әкелінген ыдыстар табылды».

Қазба жұмыстары кезінде нефрит мүсіндер, мозаикалар, фрескалар, қару-жарақ, тиындар, алтын бұйымдар және үш мамонттың қалдықтары табылды. Ал өткен жазда қала маңында кеншілер кездейсоқ ежелгі Рим кемесінің қалдықтарын тауып алған.