Солтүстік Корея Сары теңізге қарай белгісіз бірнеше қанатты зымыранды ұшырды. Бұл бір аптада ішінде жасалған үшінші сынақ жұмысы болды.

ЛИ СОН ДЖОН ПОЛКОВНИК: «Біздің әскерилер шамамен таңғы сағат 7-де Солтүстік Кореяның батыс жағалауынан ұшырылған бірнеше белгісіз қанатты зымырандарды анықтады. Оңтүстік Корея мен АҚШ барлау агенттіктері мәліметтерді талдап жатыр. Қадағалау мен қырағылықты арттыру арқылы біздің әскерилер Солтүстік Кореяның әрекеттерін бақылау үшін Америка Құрама Штаттарымен тығыз жұмыс істейді».

Сынақ жұмыстары Корей түбегіндегі шиеленістің күшеюі тұсында өтті. 24 қаңтарда Пхеньян Сары теңізге қарай зымыран ұшырды. Кейінірек солтүстік кореялықтар Пулхвасаль-3-31 стратегиялық қанатты зымыранының жаңа түрін сынақтан өткізгендерін хабарлады. Ол әлі де даму үстінде. 28 қаңтарда Солтүстік Корея да қанатты зымырандарды ұшырды. Оңтүстік Корея әскерилері ұшыру Жапония теңізінің жағалауында орналасқан Синпо портының маңында болды деп болжайды. Келесі күні Солтүстік Кореяның KCNA ақпарат агенттігі сүңгуір қайықтан екі Пулхвасаль-3-31 зымыраны ұшырылғанын хабарлады. Сынақтарды Ким Чен Ын бақылап отырды. Зымырандар екі сағаттан астам ұшты және аты аталмаған аралдағы нысанаға дәл тиген. Ал оңтүстік кореялық әскерилер Пхеньян жаңа зымырандардың ұшу уақыты туралы мәліметтерді асыра көрсетуі мүмкін деп санайды. Соңғы жылдары Солтүстік Корея сүңгуір қайықтардан ұшыруға арналған әртүрлі зымырандарды сынақтан өткізді. Ол өзінің әскери-теңіз флотын модернизациялауға және ядролық қару тасымалдайтын ядролық суасты қайықтарына ие болуға барын салуда.