Солтүстік Қазақстан облысында 320 үй апатты деп танылды. Бұл көктемгі тасқын судан залал келген тек бір аудандағы жағдай. Қызылжар ауданында үйлерді бағалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жалпы бұл ауданда 1546 үй табиғи апаттан зардап шекті. Олардың 1099-ы қайта қалпына келтірілген. Қызылжар ауданында баспаналарды бағалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта тұруға жарамсыз деп танылған 100-ден астам отбасыға жаңа үй сатып алынды.  Комиссия мүшелері 1400-ден астам адамға қорытынды берген. 

ҚУАНДЫҚ ШАКУБАЕВ, КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ «Комиссия тағайындаған жөндеу жұмыстарына берілетін қаржымен  тұрғындар келіспей жатады. Ондай жағдайда комиссия  сол үйге барып, толықтай қайтадан дефектолог мамандар бағалау жүргізеді. Қазіргі уақытта Прибрежный мен Тепличный ауылдарындағы үйлерге қорытынды беру жұмыстары қалды. Зардап шеккен адамдардың әрбір өтініші ескеріліп жатыр. Күніне 60-70ке жуық тұрғынды қабылдаймыз». 

Тасқын судан зардап шеккендердің бірі - Олег Васильев. Ол Тепличное ауылының тұрғыны. 2018 жылы 350 шаршы метрлі үш қабатты үй салған. Алайда, табиғи апат салдарынан баспанасының 80 пайызы су астында қалып отыр.

ОЛЕГ ВАСИЛЬЕВ, СҚО ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Тасқын су менің үйімнің екінші қабатына дейін жетті. Мен комиссия отырысына осымен екінші рет келіп отырмын. Менің үйімнің жөндеу жұмыстарына  9 млн теңге беретін болды.  Баспанамның 280 шаршы метрі су астында қалды. Жиһаздарымның жартысын үлгергенше үшінші қабатқа көтеріп қойып едім. Қалғандарының барлығы жарамсыз болып қалды». 

Жалпы, Қызылжар ауданында 1546 үй табиғи апаттан зардап шекті. Олардың 320-сы тұруға жарамсыз деп танылды.