Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданында ақ халатты абзал жандарға арналған баспана берілді.Мақсат,аймақта кадр тапшылығын жою мен сапалы медициналық қызмет аясын кеңейту.

Былтыр Уәлиханов ауданына барлығы 16 медициналық маман келді. Алайда, қазіргі таңда аймаққа кардиолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, лор, хирург, офтальмолог және акушер сияқты мамандар қажет. Ауданға медициналық кадрларды тарту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Осы орайда, биыл Кішкенекөлдегі медицина мамандарына дәрігер үйі қолданысқа берілді.

Бұл пәтерге қоныстанған жандардың қатарында Саят Әміржановта бар. Жас маман Кішкенекөлге "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен 2019 жылы көшіп келген. Ол Семей медициналық университетін тәмамдаған. Саят қазір Уәлиханов аудандық ауруханасының терапия бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

САЯТ ӘМІРЖАНОВ. АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ: «Бізге дәрігерлер үйінен бір пәтер табыс етті. Бұл үй тек медицина қызметкерлеріне арналған. Өте қатты қуаныштымыз.Қазіргі таңда біз пәтердің ішін тазалап, жиһаздарды орнатып жатырмыз.Бұл үйде барлығы бар, су жылытқышта орнатылған. Бүгін жарықта қосылуы тиіс.»

Бүгінде айтулы баспана Уәлиханов аудандық ауруханасының баланысында тұр. Тұрығындар тек комуналдық қызметтер үшін төлем ғана жасайды.