19 қаңтарда Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында IV қысқы Олимпиада ойындары басталады. Бұл байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасы төртінші рет қатысқалы отыр. Жалпы 70 елден 1800 спортшы бақ сынамақ. IV қысқы Олимпиадаға конькимен жүгіруден Солтүстік Қазақстандық егіз Алина мен Кристина Шумековалар қатысады. 17 жастағы қыздардың екеуі де Қазақстан Республикасының спорт шебері. Олар Астана қаласында жаттығып жатыр. Олимпиада да егіздер 500 метр, 1500 метр, мастард және гендерлік жарыс санаттары бойынша сынға түседі. Жарыстың ашылу салтанатында егіздің бірі Кристина Шумекова еліміздің көк туын ұстап шығады.

ОЛЬГА ИХТЕНДРИС, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: «Әрине, Олимпаиадаға жолдама алу оңай емес. Оған тынымсыз дайындық пен мықты күш-жігер керек. Спортшы қыздар конькимен жүгіруден 12 жастан бастап айналысады. Жалпы, олар бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем кубогына қатысты. Ел біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегерлері атанды».