Су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы ағайынның коммуналдық төлемі кейінгі қалдырылады. Бұл өзгеріс, наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемге қатысты. Бірақ, мүлдем төлемейді деген сөз емес. Тұтынушылар қарызды өсімпұлсыз кейін қайтарады. Ал, зардап шеккен абоненттер тізімін  жергілікті атқарушы орган жасайды. Бүгін Табиғи монополияларды қорғау агенттігі осындай хабарлама жасады. 

Еліміз бойынша қарғын судың қарқыны бәсеңдеп келеді. Деседе, Батыста әлі де жағдай  тұрақталған жоқ. Мұнда жедел штаб құрылып, өз жұмысын жалғастырып жатыр. 

АСҚАР ШӘРІП ҚР ТЖМ ӨКІЛІ:  «Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атырау қаласында бөгегіш бондары орнатылып жатыр. Жайық өзені жағасының сумен шайылуының алдын алу үшін мұнай-газ компаниясының күштері мен құралдары жұмылдырылып, ұзындығы 600 метр теңіздің бөгегіш бондары жағаға жақын орнатылды. 8 189 тұрғын үй мен 2 977 аула аумағынан су сорып, шығарылды. 13,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді».

Батыста екі елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Киім-кешек пен тамақ тасамылдау қиындады. Ал, жол мамандарының сөзіне сенсек, бұл уақытша қиындық. Аталған аймақта жақын күндері жол қалпына келіп, көлік қозғалысы қайта жанданады. Осы мақсатта жолшылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 

НҰРЖАН ТӨЛЕУІШ БҚО ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ: 
«Өңірде су басу қаупі сейіліп келеді. Жайық өзеніндегі су деңгейі күн санап төмендеп жатыр. Соңғы тәулікте 7 см-ге түсті. Судың қазіргі деңгейі – 8 м 6 см. Қазіргі уақытта Ақжайық және Теректі аудандарында жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 11 жол шаю оқиғасы бақылауда. Тәулік ішінде эвакуацияланған адамдар жоқ».

Айтпақшы, су тасқынынан зардап шеккен ағайынның коммуналдық төлемі кейінгі қалдырылатын болды. Бүгін табиғи монополияларды қорғау агенттігі осындай хабарлама жасады. Наурыз бен сәуір айындағы коммуналдық шығынды халық өсімпұлсыз кейін төлесе де болады.