Субсидияға деп бөлінген қаражатты қалтасына басқан қарағандылық кәсіпкер ұсталды. Ауыл шаруашылығы субъектісіне күн батареиларының жиынтықтарын сатып алу шығындарын өтеу үшін төленетин инвестициялық ақшаны жымқырған. Ол 6,5 жылға сотталды, - деп хабарлады Қаржы мониторинг агенттінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ  «Тергеу барысында анықталғандай, 2018-2020 жылдары күдікті Қарағанды ​​облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш берген. Кейиннен соның негізинде охан қаражат төленген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген зианды өтеумен 10 жыл мерзімге кәсіпкерликпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды».