Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттары Есіл ауданына қарасты ауыл мектептеріне барып, білім мекемелерінің жағдайымен танысты. Горное ауылындағы бастауыш сыныптары ғана оқитын мына мектеп кезінде 9 жылдық болған. Елді мекендегі түзеу мекемесінің жабылуы білім ордасының жұмысына әсер етті. Елді-мекенен әскери қызметшілер көшіп кеткен. Қазір ауылда небәрі 30 түтін бар.

ҮМІТ ӘШКЕНОВА ГОРНЫЙ БАСТАУЫШ МЕКТЕБІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Біздің мектеп жылы. Балаларға ұнайды. Бір мәселе ол тек қана колония жабылғасын көп адамдар көшіп кетті».

Қазіргі уақытта мектепте 7 оқушы оқиды. Мектепке дейінгі топ бар. Балалардың білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Жұмыс сапары барысында депутаттар бірқатар мекемені аралады. Сонымен қатар, Корнеев ауылдық мектебіне де барды. Білім ордасында заманауи жөндеу жұмысы жүргізілген. Жылы спорт зал мен көрші ауылдардан келіп оқитын балаларға арналған бөлмелер де бар. Оқушыларға ыстық тамақ та беріледі.

ОЛЬГА КЛИШИНА СҚО МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: «Біздің бұл ауданға келудегі мақсатымыз мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін бақылау. Ол үшін мемлекеттен арнайы ақша бөлінген. Біз асхананың мәзірін, азық-түлік сапасы мен сертификаттарын, мектептің ішкі температуасын – барлығын тексердік.Кейбір ескертулер де берілді».

Айта кетейік, Есіл ауданында жалпы 28 мектеп бар.