1-сәуір күні СҚО Тайынша ауданына тасқын сумен күреске көмектесуге барған Түркістандық құтқарушы қайтыс болды. 45 жастағы Бекжан Балданов сол күні кешке өзін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оған өткір миокард инфарктісі қойылып, Петропавл қаласына санавиация арқылы жеткізілу жоспарланған екен. Алайда, 2 сәуір күні Түркістандық азамат Тайынша ауданаралық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Бекжан Балданов  Түркістан облысы ТЖД  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 Өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі болған. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.