СҚО-да тасқын судың астында қалған баспаналарды қайта жөндеу, ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Бір ғана Заречный кентінде 239 үй су астында қалған еді. Мұнда арнайы жұмысшылар тобы апатты болып танылған баспалардың жұмыстарымен айналысып, жөндеуге жарамдыларын қалпына келтіруде. 

Тасқын судан зардап шеккен тұрғындардың бірі Любовь Ликанцева. Ол бұл баспанасында 30 жылдан астам уақыт тұрған. Апат кезінде жиһаздары мен тұрмыстық техникалары жарамсыз күйге түсті. Енді үйге кететін шығынды арнайы тексеретін мамандар 6 миллионға бағалап отыр. Соның салдарынан қалада пәтер жалдап тұруға мәжбүр.

ЛЮБОВЬ ЛИКАНЦЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Жігіттердің жұмысына көіңілім толуда, олардың жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанына 2 аптадан асты.Тезірек баспанамызға кірсек екен деймін.  Қазіргі таңда қабырғаларды жөндеп, еден ауыстырып жатыр. Бригада өкілдерінің айтуы бойынша тамызға дейін  құрылысты аяқтайды.»

Сарапшылар қазіргі таңда 120 үйдің 19-ын жөндеуге жарамды деп таныған. 9 баспанада қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда 13 бірлік техника мен 35 адам жұмылдырылған. Олар 3 мамырдан бері Заречный кентінде жұмыс істеуде.

ТЕМІРЛАН МАМАШӘРІПОВ – МАМЛЮТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  «Қазір тұрғындардың үйіне күніне 3 рет кіріп, аралап, мехбригаданың жұмысын бақылап отырамыз. Мұнда келгенімізге 3 айға жуық уақыт болды. Зардап шеккен 10 үйдің иесі баспаналарын өздері жөндеуге шешім қабылдады. Ал қалған 9 үйді мехбригада істеп жатыр.»

Осыған дейін жұмысшылар 59 үйдің сүру жұмыстарын аяқтаған. Су тасқынынан зардап шеккен баспаналарды 1-ші тамызға дейін қалпына келтіріп, толықтай бітіру жоспарланып отыр.