Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары денсаулық сақтау мекемелерін тексеріп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Емдеу мекемелері медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдаланып, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел бұзушылықтарға жол берген. Мәселен денсаулық сақтау қоймасында жалпы сомасы 7,8 млн теңге болатын 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар сақталған. Прокурорлық тексеру кезінде қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінде мед қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау деректері тіркелді.

ҚАЗБЕК ҒАЛЫМЖАН СҚО  ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ: 
«Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Жалпы аталған бұзушылықтар медицина қызметкерлерінің иммунобиологиялық препараттарды сатып алу кезінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастырған кезде оны негізсіз, заңсыз қалыптастырғанын куәландырады. Қадағалау органының актілері бойыанша қазіргі таңда берілген заң бұзушылықтар жойылуда».