1-ші сәуірден бастап электр энергия саласы толықтай тоқырауға ұшырауы мүмкін. Себебі, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жұмысы тоқтатылмақ. Үкіметтің шешімі осындай деп аталған ұйымға хат келген. Алайда, энергиямен жабдықтаушы қауымдастық бұл бір қайнауы кем, асығыс шығарылған ұйғарым деп келіспей отыр. Егер, расымен де қауымдастық жұмысы тоқтатылса, онда бүкіл ел жарықсыз қалмақ. Ал, аталған саладағы он мыңдаған адам толық қысқартуға ұшырайды.

СЕРГЕЙ АГАФОНОВ "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУШЫ ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ" ТӨРАҒАСЫ: "Қазіргі таңда электр энергиясының бағасы қымбат. Астанада халық әр киловатқа 29 теңге төлесе, заңды тұлғалар тіпті 40 теңгеге дейін төлейді. Егер біз сияқты қауымдастықтарды жабатын болса,онда жарық бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Ал, егер керісінше бұл салада бәсекелестік болса, онда бағаны 5-7 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік болатын еді".