Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қозғалыс кедергісіз болуы тиіс.  Дәл осы мақсатта әр мекемеде заманауи пандустар салынуда. Бірақ, Талдықорғанда пандус саны жеткілікті болғанымен талапқа сай болмай тұр. Басқасын айтпағанда, ірі сауда орталықтарының кейбірінде пандус дұрыс салынбаса, енді бірінде мүлдем орнатылмаған. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті келіп түскен арыздар негізінде жеке субъектілерге қатысты жыл басынан 19 мекемеге, оның ішінде 22 объектіге жоспардан тыс тексерулер жүргізілген.

Нәтижесінде 16 әкімшілік іс қозғалып,  3,3 млн. теңге  айыппұл салынды. Бұдан бөлек, 8 мекемеге қолданыстағы заңнамаларда көзделген нұсқаманы орындауға жыл соңына дейін уақыт берілді.

ЕРМЕК МИЗАМБАЕВ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ