Алматы қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының теміржол саласы бойынша педагогтері арасында қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Шараның негізгі мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс істейтін дарынды, шығармашыл мамандарды анықтау және қолдау көрсету.
Қатысушылар "Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің"базасында WorldSkills Kazakhstan талаптары мен стандарттарына сай үш практикалық модуль бойынша тапсырмалар орындады. 1-ші Еңбекті қорғау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық тапсырмалар. 2 –ші Теміржол көлігі объектілерінің жұмысын ұйымдастырудың кәсіби мәселелерін шешу. 3 –ші Теміржол көлігі саласындағы кәсіби құзыреттерді орындау және талдау.
ДИДАР СӘРСЕНҒАЛИҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Байқау барысында мамандар өздерінің теориялық және практикалық білім деңгейін, кәсіби шеберліктері мен дағдыларын, сондай-ақ оқу-өндірістік процеске енгізіп жүрген инновациялық әдіс-тәсілдерін көрсетті. Жоғары еңбек мәдениетін меңгерген ұстаздар теміржол саласындағы өзектілігі жоғары мәселелерді кәсіби деңгейде шешуге қабілетті екендерін дәлелдеді.
ЕРБОЛ МАГАЗОВ АТКК ДИРЕКТОРЫ
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен мамандар марапатталды. Бұл шара ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, саладағы сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.