Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады.Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысының нәтижесі жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, өткен жылы жемқорлыққа қатысты 1692 қылмыс тіркеліп, 1324 адам әшкереленген. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар. 1221 іс сотқа жіберілген.

2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 2,2 млрд АҚШ долларынан астам көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған.  Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.