Угандадағы жасыл төбелердің баурайында ондаған босқындар жас қарағайларды отырғызды. Олар мұны алты жылдан астам уақыт бойы істеп келеді. Мұнда Исингиро округінде накивале босқындарының елдегі ең көне қонысы орналасқан. Ол 1958 жылы пайда болды. Қазір мұнда 180 000 адам тұрады. Елді мекен 180 шаршы шақырым аумақты алып жатыр.  

ЭНОК ТВАГИРЕЙЕСУ БУРУНДИ БОСҚЫНЫ : «Біз ағаштарды отырғыза бастадық. Себебі, біз Накивалеге алғаш келгенде бүкіл аумағы орманды болған. Одан бері жеті жыл өтті. Қазір бірде бір орман жоқ».

Ағаштар құрылыс үшін кесіліп, отын үшін жиналады, сонымен қатар ауыл шаруашылық саласына орын беру үшін тамырымен жұлынады.

КЛЕУС БВАМБАЛЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ : «Босқындардың кесірінен табиғат жағдайы нашарлады. Неліктен? Бізде Конгодан келген босқындар көбейіп жатыр. Күн-түн сайын жаңа адамдарды қабылдаймыз. Олар осында келіп, үй салғанға құрылыс материалдарын қажет етеді. Сондықтан олар қалған ағаштарды да кесіп тастайды».

Бурундиялық босқын идеясын Уганданың қоршаған ортаны қорғау мамандары қолдады. Накивалиде өсімдіктер питомнигі құрылды.

НОРБЕРТ ТУМУШАБЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ : «Біз босқындарды тұқымдар арқылы  бақшаларды өсіруге үйретеміз».

Босқындар алты жыл ішінде 460 000 ағаш отырғызды.

ЭНОК ТВАГИРАЙЕСУ БУРУНДИ БОСҚЫНЫ : «Біз осы бес жылда өзіміздің бағдарламыз бойынша мақсаттарымыздың жартысы орындалады деп үміттенеміз.Егер біз көбірек тұқым ала алсақ, бұл бізге көмектесер еді. Сонымен қатар, құрғақ маусымда біз суды жинай алмаймыз. Әлеуметтік даму институты сияқты ізгі ниетті адамдар бізді ағаштарды суару үшін су таситын көліктермен қамтамасыз етсе, біз риза болар едік».

Бірнеше жыл бұрын Накивалада қатты құрғақшылық болды. Ол шамамен бес айға созылды. Енді ағаштар өскен соң, жаңбыр жиі жауа бастады.