"

Утилализациялық алымды алып тастау бойынша 50 мың қол жинаған петицияға қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Отырыста барлық тараптың мүдделеріне сай келетін шешімдерді әзірлеу үшін сындарлы пікірлер айтылды.  Қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейтін ескі автокөліктерді елге әкелудің өсуі, жол көлік оқиғаларының артып адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі, автопарктің ескіруіне, экологияға тигізер  әсері ортаға тасталды. "Петицияда көрсетілген уәждердің шындыққа жанаспайтыны айтылды. Жария талқылау барысында өзге негіздемелер ұсынылмағаны алға тартылып, министрлік тарабынан петиция талабын орындаудан бас тартты.

ӘДІЛБЕК БЕКТІБАЕВ  ИНТЕГРАЦИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ,МИНИСТРЛІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ