Қазіргі таңда «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында кәсіби және техникалық білім беру бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастама Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара сенімді әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтып, заманауи талаптарға сай білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Айтулы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Алматы көпсалалы колледжі мен Чунцин электрондық ғылымдар және технологиялар политехникалық университеті арасында өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандум аясындағы жұмыстардың жүзеге асырыла бастауы. Аталған меморандумның негізгі мақсаты – кәсіби білім беру саласында бірлескен жобаларды іске асыру, оқу-өндірістік тәжірибелер ұйымдастыру, сондай-ақ жаңа технологиялар мен инновацияларды білім беру үрдісіне енгізу болып табылады.

ЕРІК МЫРЗАҒАЛИҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-КӘСІПТІК БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Өндірістік тәжірибе барысында студенттер заманауи технологиялармен жабдықталған зертханаларда жұмыс істеп, өз салалары бойынша кәсіби дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, олар Қытайдың мәдениетімен және еңбек нарығындағы талаптарымен танысып, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

СӘУЛЕ СЕНБИЕВА АКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл тәжірибе студенттер үшін кәсіби дамуға жол ашып қана қоймай, Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру саласындағы өзара түсіністік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосты. Болашақта да мұндай халықаралық бағдарламалар мен тәжірибе алмасу жобалары кәсіби білім берудің сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға зор ықпал ететіні сөзсіз.