Ақмола облысындағы Целиноград ауданының 4 ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін топтық су құбырын салу жобасы іске асырылуда. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауыз судың болмауы олардың күнделікті өмірін едәуір қиындатқан. Мердігер компания мамандары болса Талапкер, Төңкеріс, Қажымұқан және Арайлы ауылдарында тіршілік нәрі келесі жылы қолжетімді болатынын жеткізді.Жаңа су құбыры Астана-Астрахан тас жолының бойы арқылы өтеді. Жоба құны 11 млрд теңгеден асқан.

ҚУАНЫШ САДЫРБАЙ ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жобаны іске асыру былтыр басталды. Жобада 21 ұңғыма бұрғылау қарастырылған. Сүзгі станциясы бар су тазарту қондырғылары. Сонымен қатар бастапқы ұңғымаларды байланыстыратын құбыр төсемі. Бұл 28 шақырымдай, сонымен қатар 58 шақырымдай негізгі су құбыры. Бүгінге бастапқы су құбыры арқылы 9 шақырым құбыры тартылды. Негізгі су құбыры бойынша 21 шақырым. Келесі жылы су қоймаларының құрылысын бастау қарастырылған. Жобаны 2025 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланған. Қазір нысанда 30 адамнан жасақталған үш бригада жұмыс істейді. Арнайы техникамен де қамтамасыз етілген».

Естеріңізге сала кетейік, Талапкер ауылында сумен жабдықтаудың таратушы желілерінің құрылысы бойынша нысан 2021 жылы пайдалануға берілген еді.  Оның ұзындығы 170 шақырымнан асты. Су құбыры магистралін салуға 2 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалған.