Шегірткеге қарсы күрес күшейді. Үкімет резервтен 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Оған елімізде соңғы жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңының ұлғайғаны себеп болуда. Бөлінген қосымша қаражат осы зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге бағытталады.

ДИНАРА АЛИМОВА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Үкімет резервінен бөлінетін бұл қаражат ветеринариялық зертханаларды дәлдігі жоғары құрылғымен – халықаралық ұсынымдар және Codex Alimentarius ережелері мен талаптарына сай келетін сұйық хроматографпен жабдықтауға бағытталады.Бұл ветеринария саласында нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Тиімділігі жоғары сұйық хроматограф тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың болмашы іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Оны қолдану халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғауға елеулі үлес қосады».