Жалған полицей. Ия, мұндай да болады. Шымкентте полиция атын жамылып, үш алаяқ қала тұрғындарын қорқытып, ірі көлемде халықтан ақша бопсалаған. Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты. Бұл туралы Ішкі Істер министрінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев хабарлайды. 

ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін».