Алматылықтар мен қала қонақтарының назарына! Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағына бару уақытша шектелді. Себебі, бүгін Алматы облысы Талғар ауданында жергілікті деңгейде табиғи төтенше жағдай жарияланды.  

Бұл шешім Талғар өзенінің бассейнінде орналасқан морена көлін босату және селден қорғау құрылысының алдында өзен арнасын тазарту бойынша алдын алу шараларын жүргізуге байланысты қабылданып отыр. Қазіргі уақытта оқиға орнында аталған ауданның әкімдігі мен төтенше жағдайлар бөлімі және "Қазселденқорғау" мекемесінің өкілдері қарқынды түрде тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Жұмыс аяқтала салысымен Іле-Алатау паркі қайта ашылатынын хабарлаймыз!