Қазақсан, Өзбекстаннан  922 млн текше метр су алатын болды. Ол су «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы суару маусымында беріледі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты. Айта кетейік, министр мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының  86-шы отырысына қатысты. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ  МИНИСТРІ: «Басты айта кететін маңызды мәселе, қазір біздің басты мақсатымыз да, міндетіміз де - тасқын суын жинау. Біз оны Каспий, Балқаш, Қамыс-Самар көлдеріне, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне және тағы басқа жаққа қарай бағыттаймыз, бірақ сонымен қатар оңтүстік өңірлерді де сумен қамтамасыз ету маңызды. Бұл мәселеде су дипломатиясы өте маңызды». 

Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының келесі отырысы осы жылдың қыркүйек айында Түркіменстанда өтеді.