Кәсіптік білім беру – заман талабы. Жаһандану мен индустрияландыру жағдайында сапалы жұмысшы кадрларды даярлау – кез келген мемлекеттің саясатындағы негізгі міндеттің бірі.Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қоғамға қажетті салаға жастарды бағыттау қолға алына бастады.Сондай-ақ жұмыспен қамту шаралары да оң нәтиже бере бастады.

Өндіріс үдерістерін автоматтандыру мен ақпараттық технологиялар жағдайында кәсіпорындардың жоғары білікті мамандарға мұқтаж екені белгілі.Бұл бағытта жастарға сапалы білім алуы негізгі міндеттің бірі.Сүйікті саласында ізденісте жүрген жастарға жол ашық.Енді шетелге барып, тәжірибиеден өтуге және сапалы ілім алуға мүмкіндік туды.Алматы қаласындағы Электро Механикалық колледж бен Германиялық жұмыс беруші мекеме арасында арнайы келісім шарт жасалды.

БОЛАТЖАН БОЗЫМБАЕВ АЭМК ДИРЕКТОРЫ

Алматы қалалық білім басқармасының қолдаумен дәнекерлеу ісін жетік меңгерген жастарды технологиясы озық елдерге білім алуға жіберу жүйесі қолға алынған.Осының негізінде мол тәжірибие жинақтап келетін жастар, жұмыс берушілердің қызығушылығын тудырмақ.

KATJA KAISER ГЕРМАНИЯДАН КЕЛГЕН ӨКІЛ

«Бүгін Алматыдағы озық оқу орнымен меморандумға қол қойдық.Бұл жерде білім беру орталықтары,жұмыспен қамту мекемелерінің тікелей қатысы бар. Енді неміс стандартына сәйкес сапалы білім беруді бастаймыз.Қазір өздеріңіз білесіздер,үлкен өндіріс орындарына кадр жетіспейді.Осыған байланысты колледжде білім алып жатқан жастарды оқытып,қажетті жағдайды жұмысқа тартатын боламыз».

Аталмыш білім мекемесімен жасалған төрт жақты келісім,келешекте жастардың сапалы білім алып,қалаған саласында жұмыс жасауына жол ашпақ.Енді студенттер,неміс тілін үйреніп дамыған елдердің стандарттарына сәйкес,қадам басатын болады.