Бүгін Алматы облысы, Талғар ауданында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл: бейбітшілік, тұрақтылық ,даму» тақырыбында этномәдени бірлестіктердің және қоғамдық құрылым өкілдерінің кездесуі өтті. Келесі материалға назар аударсақ.

Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылым өкілдерінің кездесуі – Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтудың маңызды алаңы болып табылады. Мұндай кездесулер елдегі түрлі этностардың өзара түсіністігін арттыруға, мәдени әралуандықты сақтауға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған.

ТАҢАТ АЙДАРБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «Биыл білесіздер Ассамблеяның 30 жылдығына байланыстырып, үлкен жиналыс өткізіп жатырмыз.Біздің аудандағы этнокультурамыз, бірлестіктеріміз өз ой пікірлерін салып бүгін бір жақсы отырыс болды.Ауданда білесіздер біздегі 6 этнокультура бірлестіктер бар.Олар біздің ауданымыздағы ең бастысы бірлік, ынтымақ нығайтуға өте үлкен үлестерін қосып жатқан сөзсіз белгілі оны өздеріңіз аудандағы үлкен іс-шараларда, мемлекеттік мерекелерде көріп жатсыздар, бір семьядай бір отбасыдай бірге әрқашан біргеміз».

Кездесу барасында бірлестіктер өзекті мәселерді көтеріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.Сондай-ақ Алматы облысы мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев облыстағы туризм, ауылшаруашылығы аграрлық сала жөнінде бірқатар мәселелерді қозғап, жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.

ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Бұл кездесудегі негізгі мақсатымыз – мәслихат депутаттарымен, осы Ассамблея мүшелерінің бірлесіп кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел бірлігі мен тұрақтылығына қатысты шаралардың толыққанды іске асу барысына тоқталдық.Бүгінгі күнде мұнда корей, ұйғыр, грек, орыс, түрік этно-бірлестік мүшелері келіп, өздерінің бірлестігіндегі атқарылып жатқан, мұндағы жастармен, қоғамдық ұйымдармен, өкілетті органдармен және атқарушы органдармен атқарылып жатқан жұмыстар барысы жөнінде әңгіме айтылды.Ең бір керекті ұққанымыз – бұл жерде біздегі халықтар достығы неғұрлым мығым болатын болса, елдің бірлігі мен тұрақтылығы соғұрлым күшті болады.Елдің игілігіне бірлесіп атқарылатын жұмыстардың пәрменділігі арта береді деп есептейміз».

Сондай-ақ,кездесу барысында БАҚ өкілдері мерекесінің қарсаңында мәслихат төрағасы арнамыздың редактор, операторларын құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапаттады.