Қазақстанда ескірген 6 мың тонндан астам пестицид бар. Бұл  туралы Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия елдерінде жасыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін ластанған ауылшаруашылық топырағының био- және фиторемедиациялық технологиялары бойынша халықаралық конференция барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі мәлім етті.

Орталық Азия елдеріндегі ауыл шаруашылығы жерлерінің ластану проблемаларын шешуге арналған халықаралық конференцияға әртүрлі елдердің сарапшылары, БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының халықаралық кеңесшілері, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, тиісті мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Мамандар аймақтағы ауылшаруашылық топырақтарын қалпына келтіру шешімдерін ілгерілететін Орталық Азия елдерінің жұмыс тобын құру, био-фиторемедиация және экологиялыны одан әрі дамыту бойынша бірқатар мәселені көтерді. Шара барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қалдықтарды басқару департаментінің өндірістік қалдықтар басқармасының бастығы Әсел Қасенова ескірген пестицидтер туралы айтты.

ӘСЕЛ ҚАСЕНОВА ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: « Біз елде ескірген пестицидтерге ұлттық түгендеу жүргізілді. Соның нәтижиесінде Қазақстанда ескірген 6 мың тонндан астам пестицид бар екені анықталды. Бұл пестицидтердің қай өңірге тиесілі туралы қажетті аналитикалық есеп дайындалып жатыр. Сондай-ақ оның сапасы зертханаларда тексерілетін болады».

Айтуынша, анықталған ескірген пестицидтер жойылады. Сонымен қатар, топырақтағы зиянды қалдықтарды шығаруда назардан тыс қалмайды. Бұл жұмыстарға қаражат министрлік немесе жергілікті әкімдік бюджетінен бөлінеді. Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия елдерінде көптеген ауылшаруашылық аймақтарының топырағы тұрақты органикалық ластаушы заттармен және пестицидтермен ластанған, бұл экологиялық және экономикалық қауіптерді тудырады.

ӘСЕЛ РАХЫМҚЫЗЫ ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: «Қазір қолданатын пестицидтер бойынша, тәжірбиелер қойылды. Үш бағыт бойынша».