Ең шалғай ауылдағы оқушылар да енді ең үздік, мықты деген білікті ұстаздардан білім ала алады. Ол «Цифрлық ұстаз» жобасы аясында мүмкін болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. 2026 жылдан бастап барлық мектеп 100 пайыз жаңартылған оқу бағдарламасына көшеді. Айтпақшы, жаңа оқу жылында артық, жаңа пәндер енгізілмейді. Бірақ, қосымша білім ретінде қаржылық сауаттылық пәні жүргізіле береді. Биыл барлық Қазақстан мектептері біртұтас бағдарлама аясында жұмыс істейді. 

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарының қабылдануына орай 2026 жылдан бастап жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу көзделген. Білім беру сапасын арттыру үшін ауылдық тірек және шығын жинақ мектептерде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізілу қарастырылуда. Білім беру округтері құрылып, нәтижелері төмен нысаналы мектептерді мақсатты қолдау шаралары қабылданады. Жаңа оқу жылынан бастап «Цифрлық ұстаз» жобасын жүзеге асыру шеңберінде аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс жандандырылады».