Қазақстанда шамамен 450 жеке медициналық ұйым жабылу алдында тұр. Себебі, денсаулық сақтау министрлігі «Әрбір алғашқы санитарлық көмек ұйымдарына тіркелген халықтың саны 10 000 адамнан кем болмау керек» деген шектеу енгізген. Ия, ірі аймақтық орталықтар мен облыстарда бұған қол жеткізуге болатын шығар, алайда, оның өзіне біраз уақыт керек. Ал, шағын қалалар мен елді мекендерде бұл тіпті мүмкін емес деген жеке меншік медициналық ұйымдар не істерлерін білмей дал. Егер жеке медициналық ұйымдар, министрлік қойған шекті 10 мың адамды тіркей алмаса жаппай банкротқа ұшырайды. Онда орташа есеппен 6-мың білікті дәрігер жұмыссыз қалады. Бұл туралы бүгін Сілтеме баспасөз орталығында өткен жиында жеке клиника басшылары айтты.

ЕРҚАБЫЛ ЖАҚСЫЛЫҚОВ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бір ғана облысты мысалға келтірейін. Түркістан облысында 26 медициналық ұйым бар. Оның 10-ы делік жетті 10 мың халыққа, қалған 16 медициналық ұйым не істейді? Жабылады. Орташа есеппен алайық әр мекемеде 30 адамнан. Он медициналық ұйым жабылды. 300 адам жұмыссыз қалады. Ал енді ауқымдылығын есептей беріңіз. Басқа да облыстарды, басқа да аумақтарды. Облыстық маңызы бар қалалар бар. Әр облыстарды 10 мыңға жетпеген ұйымдар бар. Бір облыста 300-400 адам жұмыссыз қалады. Жете алмаса».