«Қазгидромет»1 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронтальды учаскелерде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын болмайды.Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман түседі деп күтілуде.Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарында, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

АЙЖАН ЖАНДОСОВА «ҚАЗГИДРОМЕТ» РММ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ 
«Республиканың көптеген аймақтарында тұрақсыз ауа райының сипаты күтілуде.Өткінші жаңбыр жауып,найзағай болып,жел күшейеді.Еліміздің солтүстік жартысында қатты жаңбыр жауып,бұршақ,найзағай ойнаса, еліміздің оңтүстігінде ғана ауа-райы жауын шашынсыз болады.Еліміздің батысында күндізгі ауа температуралары 31-36 градусқа  дейін жоғарыласа,қалған аймақтарда температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі».