Қазынашылық комитетіне аудит жүргізген Жоғары аудиторлық палата  бюджет қаражатын басқару және төлемдерді жүргізу бөлігінде жүйелі кемшіліктерді анықтады. Комитет бюджет кодексінің нормаларын өрескел бұзған. 2021-2023 жылдарды екі жыл бойы қазынашылық комитеттегілер бағалы қағаздарды бастапқыда жоспарланған көлемнен артық шығарып отырған. Қайта республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражат қалдығының болжамы оң болған дейді жоғары аудиторлық палата.Нәтижесінде бюджетке келген шығын 124 млрд теңгені құрайды. 

АРДАҚ ТЕҢГЕБАЕВ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА МҮШЕСІ «Жүргізілген аудит нәтижесінде бюджет қаражатын басқару және төлемдерді жүргізу бөлігінде жүйелі кемшіліктер анықталды. Жобаларды қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде қосалқы мердігерлер үшін мемлекеттік сатып алу шоттарын ашу мемлекеттік кірістер органдары жүргізген тәуекелдерді талдау нәтижелерін үнемі ескере бермейді. Бұл жағдай жобаларға жосықсыз қосалқы мердігерлерге қатысуға жол береді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдерді ақшаны түпкілікті алушылардың банк шоттарына аударуды аумақтық қазынашылық органдары олардың тауарларды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруші мәртебесін растамай іске асырған».