Қазір әлемде үлкен құбылыстармен өзгерістер болып жатыр, яғни деградация мен құрғақшылық процестері қарқынды жүруде. Соның салдарынан топырақтың құнарлылығы азайып, экологиялық өзгерістер орын алуда.Айтулы мәселе бүгін ғалымдардың қатысуымен өткен жиын аясында талқыланды.

Бүгінде 76% жер көлемі әр түрлі деңгейде деградацияға ұшыраған, оның ішінде жайылым жерлердің 26% қатты деңгейге жеткен. Сондай-ақ, тұзданған жеріміздің көлемі 37% құрайды, ал ластанған жеріміздің көлемі 10 пайыздан асып түседі. 

САМАТ ҮСЕНБАЙҰЛЫ, Ө.О.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТОПЫРАҚТАНУ ЖӘНЕ АГРОХИМИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:«Ең бірінші параметрі топырақтың құнарлылығы – қарашыңды мөлшермен есептеледі.Біздің ғалымдарымыздың мәліметі бойынша, зерттеулері бойынша 2 см ШҚО жауын-шашын мол, жеткілікті. Топырақтағы өсімдік жамылғысы жоғары дәрежедегі топырақта 2 см құнарлы топырақ қалыптасу үшін 45 жыл кеткен екен. Енді ойлай беріңіз, бізге егін шаруашылығына 40 см жер құнарлы топырақ керек болатын болса, 900 жыл керек екен. Осыны, яғни топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру үшін».

Қазіргі таңда еліміздегі топырақтың құнарлылығы тың және тыңайған жерді игеру кезіндегі құнарлылығымен салыстырғанда 40 %-ға төмендеп кетті. Құзырлы органдардың берген ақпараттарына сүйенетін болсақ, соңғы он, онбес жылдың ішінде еліміздің барлық топырақ типтерінде оның орта құнарлылғы  20,5 % -ға жеткен. 

САМАТ ҮСЕНБАЙҰЛЫ, Ө.О.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТОПЫРАҚТАНУ ЖӘНЕ АГРОХИМИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ «Көрші мемлекеттердің ғалымдары келіп, осы Қазақстандағы тың-тыңайған жерлерді игеру мәселесі бойынша 15 жыл зерттеу жүргізді. Ол жерде топырақтың бүкіл құрамын, эрозияға төзімділігін зерттеп, үкіметке ұсыныс беру арқылы ол жерлерді игерді. Ол кезде 800 ғалым жұмыс жасаған болатын. Қазіргі таңда ондай ғалымдарымыз да жоқ. Бұл топырақтану саласына, ғылымына көңілдің көп бөлінбеуінің себебі». 

Егер, дер кезінде тиісті шара қолданылмаса, топырақтың құнарлылығы күрт азаяды, сонымен бірге өнімнің өнімділігі де төмендейді және болашақта өнімсіз қалуымыз ғажап емес дейді мамандар.