Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Жошы ұлысы: тарихы, мұрасы және тағлымы» атты халықаралық  ғылыми-практикалық конференция өтті.Әлемге Алтын Орда атымен танымал Жошы ұлысы XIII ғасырдағы Шыңғысхан империясының төрт бөлінісінің ішінде ең ұзақ өмір сүрген мемлекет. Қазақ этногенезі мен қазақ жеріндегі политогенез үдерістері Жошы ұлысымен тығыз байланысты. Оның құрамында қазақ этносының негізгі бөлігінің қалыптасуы аяқталды, болашақ Қазақ хандығының саяси институттары, мемлекеттік идеологиясы айқындалды.

ХАНКЕЛДІ ӘБЖАНОВ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ  ПРОФЕССОРЫ

Алтын Орданың ыдырауы тарих төріне ортағасырлық ұлттық мемлекетіміз – Қазақ хандығының шығуына әкелді. Сондықтан қазақ халқы осы мемлекеттің тікелей мұрагерлерінің бірі екенін мақтанышпен айтуда. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына шетелдердің және Қазақстанның белгілі ғалымдары, Алматы мен басқа да республикалық ЖОО оқытушылары қатысып, аталған мәселе бойынша өз көзқарастары мен ойларын ортаға салды.