Әлемнің екінші ұстазы аталған Әл-Фараби бабамыздың есімін иеленген қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы ҚазҰУ 90 жылдығын атап өтті. Айтулы шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.

1934 жылы 15 қаңтарда алғаш 54 студентпен ашылған университетте қазіргі таңда 25 мыңнан астам білім алушы бар. Білім ордасының бұл қуанышына университет қабырғасынан түлеп ұшып қазақ елінің ғылымы мен біліміне өз үлес терін қосқан академик ғалымдар,көрнекті тұлғалар,ұстаздар мен шәкірттер қауымы бір кісідей ат салысты. Шарада тамыры тереңде жатқан қара шаңырақ жайлы деректі фильм көрсетіліп, оқу ордасының басшысы құттықтауын жолдады.  

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ  ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ

Білім ордасы 2022 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысымен «зерттеу университеті» мәртебесіне ие.  Ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөлініп,соңғы үш жылда университет ғылымынан түскен табыс екі есеге артқан. Бүгінгі мерекеге орай Ал химия және химиялық технология факультеті гальваникалық қаптамалардың  ғылыми-өндірістік орталығын ашты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қорының қаржылық қолдауымен ұйымдастырылған орталықта металдарды өңдеудің жаңа технологиясы ұсынылады.

АЛИНА ГАЛЕЕВА ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бұл ғылыми-өндірістік орталық  машина жасау зауытынан, темір жол автоматикасына арнайы жабын алуға қажетті электр жетегінен түскен сұраныстың арқасында ашылды.
Біз әзірлемелерді жүргіздік, кейіннен жаңа технологияларды әзірледік.  Жыл сайын өткізілетін байқаудың арқасында біз ғылыми қорды коммерцияландыруға ұсындық».

Университтетің 90 жылдық мерейтойы аясында ауқымды жобалар жүзеге аспақ. Жыл бойы тойланатын мереке аясында  конференция,симпозиумдар,ғылыми танымдық кітаптарды жарыққа шығару жоспарланып отыр. Сондай ақ шарада ғылым саласына үлес қосқан академик ғалымдар алғыс хаттармен марапатталды.