Бүгін Алматыда ақын, сазгер, әнші Әл-Фараби Бекарысұлының «Қарапайым кітап» атты еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға қатысып қайтқан тілші тарқатады.

Әдебиет әлемінде жаңа соқпақ салып келе жатқан, ән әлемінде «Найзағай көңіл», «Аппағым менің» сынды өлеңдерімен тыңдармандарға танымал автордың   «Қарапайым кітап» атты туындысында үлкен аманат пен әнге жазылған өлеңдері сынды бірқатар дүниелер қамтылған. Бес жүз данамен жарық көрген кітап алдымен автордың туған жерінде, одан соң Орал, Астана қаласында, бүгін алып шаһар Алматыда төртінші мәрте тұсауы кесіліп отыр.

ӘЛ-ФАРАБИ БЕКАРЫС АҚЫН, САЗГЕР

Қазақ әдебиеті жауһарларының табаны тиген, қасиетті шаңырақта өткен тұсаукесер құт болып Әл-Фараби Бекарысұлы «Қайрат Дүйсен Парман» атындағы медальмен марапатталды. Сонымен қатар Жазушылар одағына мүшелікке қабылданатын болды.

БАУЫРЖАН ЖАҚЫП ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ