Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Олар жылдар бойы өзінен әлсіздерді ұрып-соғып, мүліктерін тартып алып, қаражаты барлардан ақша бопсалаумен айналысқан. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жәбірленушілер "Қармет" АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері екені белгілі болды.  

ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазіргі таңда олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді».