"

"

Қызылорда облысындағы 55 те 47 әскери бөлімінің жас сарбаздары жауынгерлік қызметке кірісті. Енді олар қоғам тыныштығын бақылап, күнделікті кешқұрым қала аумағындағы төрт ауданды күзетеді.

Бұл сарбаздар жақында ғана әскери курстан өтіп, бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныcқан. Әскери өмірге енді ғана бейімделген 70-тен астам жас жауынгер міне алғаш рет қызметке кірісті. Оларға арнайы оқу-жаттығу өткізіліп, жадынамалар таратылды. Сәйкесінше тапсырмалар жүктелді.

АБЫЛАЙХАН ТҰРСЫНБАЕВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 55/47 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«1-023 шақырылымдағы сарбаздар алғашқы жауынгерлік қызметке түсуі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жауынгерлік қызметке түсу барысында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға және оны болдырмау ең басты біздің міндет болып табылады».

Енді жас сарбаздар, Қызылорда қаласындағы 4 шағын аудан, атап айтқанда «Мерей» және «Универсам» мөлтек аудандары мен орталық және тағзым алаңдарында қоғам тыныштығын бақылайтын болады.

ЗАМАНБЕК ҚҰСАЙЫНОВ - ЖАС САРБАЗ:

«Қызылорда қаласының қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметімізге алғашқы рет түсіп отырмыз. Қызылорда қаласының тұрғындары және де командирлер мен ата-аналарымыз бізге үлкен сенім артып отыр. Командирлердің бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, алдағы қызметтердің үздігі болуға уәде береміз. Тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алып отырсақ, бұл Қазақстан Республикасының көркеюі мен нығаюына үлкен себеп болады».

Қоғам тыныштығы мен қала тәртібін сақтауда Ұлттық ұлан сарбаздарының атқарар міндеті зор. Темірдей тәртіпті сақтайтын жауынгерлер енді күн-түн демей, кірпік қақпай қызмет етеді.