19 наурыз - жаңару күнінде жаңа тал егілді. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ  60 жылдық мерейтойына орай 600 түп ағаш отырғызуды жоспарлауда. Оның бір легі бүгін Қызылжарма ауылдық окуругінде орналасқан С. Майқанова атындағы мәдениет үйінің алдына егілді.

Табиғат оянып, тіршілік қайта жанданатын жаңару күні қарсаңында Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының қызметкерлері С. Майқанова атындағы мәдениет үйінің алдына 60 түп терек ағашын екті. Негізгі мақсат – экологиялық ақуалды жақсарту, тұрғылықты мекенді көгалдандырып  гүлдендіру. 

БАТЫРЖАН ҚАРАКӨЗОВ «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Бұл маңның жасыл желекке айналуына кедергі келтіріп тұрған бір кемшіл тұсы су мәселесі. Ал компания төрағасы аталған мәселені алдағы уақытта шешеміз, теректер көктеп-көгергенше қадағалауымызда болады - деді.
 
ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

БАТЫРЖАН ҚАРАКӨЗОВ «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Аталмыш  компанияның құрылғанына 60 жыл толуына орай бірқатар іс-шара жоспары бекітілген. Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі мен қоса ауызашар рәсімі,сонымен қатар футболдан жарыста ұйымдастырылмақ.