"

Бүгінгі дата, білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Қызылорда қаласындағы шараға назар аударсақ.

Ресми деректерге сүйенсек , бүгінгі күні қала бойынша 7600 жас өрен мектеп табалдырығын аттады. Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің табалдырығын бүгін 1-сыныпқа қабылдаған 230 оқушы мен толықты. Барлық баланың жүрегіне шуақ төгетін шырайлы мерекеге шаһар басшысы Асылбек Шаменов қатысып, оқушылар мен ұстаздардың жаңа оқу жылында толағай табыстар тіледі

АСЫЛБЕК ШАМЕНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

1-сыныпқа қабылданған балалардың мектепке деген танданысы өзгеше. Балабақшамен қош айтысып, енді орта білімге қадам жасап отыр.

Биыл қара шаңырақ өзінің 20-шы оқу маусымын ерекше бастады. Олай дейтін себебіміз, білім ордасы қосымша құрылыспен кеңейіп, ұстаздар мен оқушылардың қуанышы еселене түсті. Мұнда 370 орындық бастауыш сыныптарына арналған заманауи ғимарат бой көтерді.

АЙГҮЛ АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ - ӘЛИ МҮСІЛІМОВ АТЫНДАҒЫ №101 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Айгерім, мектептің Алтын белгіге үміткер 8 оқушының бірі. Қара шаңыраққа алғаш келгеннен бастап осы күнге дейін талай білім сайыстарына қатысып, олжалы оралған. Осындай дәрежеге жеткені үшін ұстаздарына алғысы шексіз.

АЙГЕРІМ ЗИЯДИН - Ә.МҮСІЛІМОВ АТЫНДАҒЫ №101 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Салтанатты шара мектеп оқушыларының ән жолдауларымен жалғасты.