Қызылорда қаласында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Түнгі рейдке ювиналды полиция өкілдері   жұмылдырылып, кәмелетке толмаған 63 жасөспірімге хаттама рәсімделді. 

Мамандар алдымен ойын-сауық орталықтары мен жастар көп жиналатын орындарды аралаудан бастады.Заң бойынша  жасөсіпірімдер заңды өкілінсіз түнгі 22:00 кейін заң талаптарына сәйкес жүруіне болмайды. Егерде анықталған жағдайда заң аясында айыппұл салынады. 

ЕРДАУЛЕТ ЖАУКЕЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қала көшелеріндегі жол жүру ережелерін қадағалады. Тексеру барысында сақтандыру құжатынсыз көлік айдаған 2 жүргізуші анықталды. 

Тәртіп сақшылары жастар қауіпсіздігін нығайту мақсатында осындай рейдттік шараларды тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.