Қызылорда қалалық  мәслихаттың әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты  комиссиясының отырысы кеңейтілген түрде өтті. Отырыста көптеген жеке балабақшалардың талапқа сай келмейтіндігі, бүлдіршіндердің шамадан тыс көп болуы, ең сорақысы бір балабақшада әжетхананың жоқтығы да анықталған. 

Алдымен депутаттар отырысқа дейін  «Мансап» мектебі,  «Шұғыла» жеке балабақшасы және «Ұлағат білім ордасы» мектебінде болып, білім ұйымдарының қызметімен танысты, олардың материалдық-техникалық жағынан жарақтануы мәселелерін қарады. Аралудан кейін комиссия отырысы одан әрі талқылау отырысымен жалғасып, күн тәртібіндегі мәселе  сала мамандарының қатысуымен жан-жақты талқыланды. Ғалия Ноғайқызының айтуынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бұзу, оның ішінде кейбір балабақшалардағы мамандардың педагогикалық білімдерінің жоқтығы,  балаларға жайлы орындар қамтамасыз ете алмауы, төсек орындарының талапқа сәйкес болмауы, асханалардағы тамақ қорының жеткіліксіздігі, қарапайым санитарлық тораптардың қамтамасыз етілмеуі, тіпті бір балабақшада әжетхана жоқтығы анықталды. Аталған мекемеде бүлдіршіндер биотуалетке тәрбиешілерімен бірге отыруға мәжбүр болған.

ҒАЛИЯ ДӘУЛЕТОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Депуттардың көкейіндегі сауал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қалайша бұған жол берді деген сұрақ туындады. Ал бұған басқарманың жауабы көбінің танданысын тудырды.

ЕРЛАН ҰЗАҚБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Хош, солай дейік,солай боларына сенейік делік. Сонда балабақша орнасласқан ауылда білдей білім ордасы, халыққа қызмет көрсетіп отырған емхана бар. Олар қалай кәріз жүйесіне қосылғаны белгісіз. Бұл мәселелерден кейін Наталья Мишукова өз ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, санитарлық эпидемиология саласы тарапынан  балабақшаларды ашуға рұқсат беруде кемшіліктерге жол беретіндігі, балаларды бақшаға «фейс-бақылау» арқылы кіргізу жобасының тиімділігін жан-жақты қарау және бұл салада баламалы тиімді әдістері қарастыру және басқа да ұсыныстарын айтты.

НАТАЛЬЯ МИШУКОВА "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ЖЕТЕКШІСІ

Комиссия отырысы барысында мәслихат депутаттары тарапынан өрескел жағдайлаларға жол берген жеке білім беру ұйымдарының жұмысын дер кезінде қарау, жеке мектеп  оқушыларын кітаптармен және бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету және басқа да ұсыныстарын жеткізді.  Комисисия отырысына қатысқан қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев жеке меншік оқу ұйымдары өз қызметтерін ұйымдастыруда бала құқықтарының сақталуын бірінші кезекте қамтамасыз ету қажеттілігін   атап өтті.

ИБАДУЛЛА ҚҰТТЫҚОЖАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Кеткен кемшіліктер түзеліп, назар аударылмаған мәселелерге ден қойылып,пайдадан гөрі адам өмірін бірінші орынға қоюкеректігін қаперден шықпаса игі еді.