Қайырымдылық жасасаң,қайыры болады қашанда. Қызылорда облыстық Зекет қорының ұйымдастырумен «Қызылорда тазалығы»мекемесінің қызметкерлеріне ең қажетті азық-түлік өнімдері таратылды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.

Айтулы мекемеде жұмыс істейтін 100-ге жуық отбасыға азық-түлік салынған базарлық үлестірілді. Бұл олардың еңбегін бағалап,  тазалықты сақтауға қосқан үлесін ескеріп көрсетілген  сый-құрмет деуге болады. Айта кету керек мұндай қайырымыдылық шаралары жылына бірнеше мәрте ұйымдастырылатын болады.

ДАСТАН ҚҰРМАНБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АҚМЕШІТ-СЫРДАРИЯ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАНЫ

Бес күндік жалған дүниеде ізгі амалдардың бірі сүрінгенді сүйеп,қысылғанға қол ұшыңды беру.

ЗЕЙНЕГҮЛ ҚЫПШАҚБАЕВА «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Сауапты іске қарап,көпшілік үлгі алғаны дұрыс. Ауыз-біршілік бар жерде, берекенің болары сөзсіз.