Қызылшадан сақтаныңыз! Республика бойынша вирус өршіп тұр. Қызылшаның қауіпі қорқынышты. Бұл аурумен ауырған 20 баланың біреуі саңырау немесе ақыл-есі кем болып қалуы мүмкін. Сондықтан, дәрігерлер дабыл қағуда. Ауырмаудың бірден-бір жолы екпе алу. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» басқарма төрағасы Манар Смағұл халыққа сақ болуға, адам көп шоғырланған жерде жүрмеуге кеңес берді.

МАНАР СМАҒҰЛ ҚР ДСМ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Ата –аналардың назарына, балаларыңызды қызылшаға қарсы екпелерінің болуларын назар аударуларыңызды сұраймыз. Вакцинация болмаған жағдайда барлық емханада бар. Біздің өңірде вакцина тапшылығы жоқ. Бұл жұқпа тек вакцинамен алдын-алынатын ескере отырып, екпемен қамтуды ескертеміз».