Танымал қытайлық дәрігер және қоғам белсенді Гао Яоцзе 95 жасқа қараған шағында АҚШ-тағы үйінде қайтыс болды. Ол 1990 жылдары Қытайдың ауылдық жерлерінде СПИД вирусының эпидемиясын анықтаған маман деген атаққа ие болған.

Кейбір мәліметтер бойынша ондаған мың адам жұқтырған вирустың өршуі туралы Гаоның ашық сөздері Пекинің аушуына тиді. Сол себепті Гао өмірінің соңғы жылдарын туған елінен жырақта өткізді.Гаоның жұмысы халықаралық ұйымдар мен ресми тұлғалар тарапынан жоғары бағаға ие болды. 2009 жылы ол Америка Құрама Штаттарына көшіп, ол жерде өз тәжірибесі туралы кітап жаза бастады. Ол сондай-ақ Қытай шенеуніктерін «проблемаларды жасырмай, шешуге» шақырды.Қытайда жұмыс істеген жылдары дәрігер қан сату жүйесіне қарсы шықты. Себебі, соның салдарынан мыңдаған адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Негізінен қауіпті ауру оның туған провинциясы Хэнань анықталды. Бұл лас инелерді жиі пайдалануынан туындаған.Оның күні шалғай ауылдардағы науқастарды емдеп, тамақ, киім-кешек, дәрі-дәрмек апарумен, яғни жолда өтті.Ресми мәліметтерге қарағанда, сол кезеңде АИТВ жұқтырғандар саны ондаған мыңға жеткен. Алайда билік оны жасыруға тырысқандықтан ұлттық зерттеу жүргізілген жоқ.

2001 жылы билік оған БҰҰ сыйлығын алу үшін Америка Құрама Штаттарына баруға төлқұжат беруден бас тартты. 2007 жылы Хэнань провинциясының шенеуніктері оны АҚШ-қа басқа марапатты алуға кедергі жасау үшін виза алуына жол бермеді. Оны 20 күн бойы үй қамауында ұстады.Кейін бұл тыйым алынып, ол елден кетуге мүмкіндік алды. Гао Қытай тарихындағы аласапыран кезеңде өсіп, жапон шапқыншылығынан және Мао Цзэдун тұсында Коммунистік партияны билікке әкелген азаматтық соғыстан аман қалды.Мәдени революция кезінде ол маоисттік қызыл гвардияшылардан соққыға жығылды, өйткені оның отбасы бай деп саналды. Кейінгі жылдары ол Маоны жиі сынға алып жүрген еді.